Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қызыл аймақтағы" өңірлер саны 11-ге жетті

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2021
  • 4095

Елімізде 1 тәулікте 3899 адам вирус жұқтырып, жаңа  антирекорд орнады. Бұл туралы ведомствааралық комиссия мәлімдеді. Өңірлерде де жағдай мәз емес. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес,тек Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары ғана "жасыл  аймақта" тұр. Ал, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен  Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл аймаққа"  енген. "Сары белдеуде": Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары қалған. Осы сәтте 800-ден аса науқастың жағдайы ауыр, оның 200-ге жуығы өте ауыр деп бағалануда. Ал, 126 адам ИВЛ аппаратына қосылған.
    
Л. Қуанышқызы