Русский Сайттың толық нұсқасы

Шағын және орта бизнес отандық өндіріс материалдарын аз көлемде пайдаланады, - мәжілісмендер

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2021
  • 1848

Шағын және орта бизнес, отандық өндіріс материалдарын аз көлемде пайдаланады. Парламент Мәжілісінің депутаттары, Алматыға жұмыс сапары барысында осындай қорытынды жасады. Депутаттар Наурызбай ауданында орын тепкен, «Ала Эстет» шағын индустриялық паркінің қызметін тексерді.

Бекқали ТОРҒАЕВ, ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Халықның бүгінгі жағадйы бізді мазалайтыны. Оның айлығы бар, олар өздеріне қанағат.  Сосын мемлекет тарапынан, жергілікті атқарушы органнан қандай көмек? Бұл жерде айтып отырғанымыз 2 пайызбен несие алады, оған қоса алған құрал саймандарын грант ретінде қайта артқа қоюға болады.

Айта кетейік, индустриялық парктерді құру - «Нұр Отан» партиясының Жол картасы бағдарламасынан орын алған. Оны жүзеге асыру барысында Алматыда жиырма бес мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Жүздеген алматылықтар бүгінде жиһаз, кондитерлік өнімдер мен кеңсе тауарларын шығаратын, сонымен қатар трикотаж фабрикасына жұмысқа орналасып үлгеріпті. Олардың арасында зейнеткер Махаббат Қожамқұлова да бар.

Махаббат ҚОЖАМҚҰЛОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Шетелден обороудование цех ашпақшы едік. Соған машиналарды күтіп отырмыз. Тігін машиналарын. Енді сол машиналар келсе мына маталарды бәрін соған жұмсаймыз.  

Мәжілісмендер сонымен қатар Алматы облысындағы қант зауытында болды. Кәсіпорын жақында модернизациядан кейін жұмысын қалпына келтірді. Бүгінгі күні републикада өзіндік шикізат базасына ие және қант қызылшасын, бидай мен жоңышқа өсіретін жалғыз зауыт болып табылады. Өндіріс бір маусымда 550 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы.

Мақпал ТӘЖМАҒАМБЕТОВА, ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Негізгі мына жылдақ қуат өнімділігін 500 тоннаға дейін жеткізу межеленіп отыр. Оған мына жұмыстар өте сапалы жасалынуы керек.

А. Базарбай