Русский Сайттың толық нұсқасы

Міндетті вакциналау мерзімі ұзартылды

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2021
  • 3359

Вакцина алмағандар карантинге жатқызылады. Бұл талап шетелден келген қазақстандықтар мен ел аумағында тұруға ықтияхаты бар азаматтарға қатысты. Сонымен бірге, оларда коронавирустың жоқтығын көрсететін анықтама болуы шарт. Бас санитарлық дәрігері бүгін құжатқа қол қойды. Қаулы ертеңнен бастап күшіне енеді. Аталған құжаттар болмаса, 3 тәулікке   оқшауланады. Сондай-ақ бас санитардың қаулысымен міндетті вакциналау мерзімі ұзартылды. 12 санат бойынша тізімге енген азаматтар 10 -тамызға дейін екпенің 1- компонентін салдыруы керек. Ал екінші дозамен 1- қыркүйекке дейін егілуі керек деген талап бар. Жаңа қаулыда COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлеу тәртіптерін өзгерту жайы да көрсетілген. Бұдан бұлай, марқұмды жерлеуге 1 дін қызметкері мен 2 туысы ғана қатыса алады. Мәйітті жуу кезінде де санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек. Және оның бетін ашық қалдыруға тыйым салынады.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Денені дайындауға балалар, қарттар және созылмалы патологиясы бар адамдар қатыспауы керек. Адамдар арасында 2 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып, респиратор, бір рет қолданылатын медициналық халат, қолғаптар сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, марқұмның 2 туысқаны мүрдені жууға қатыса алады.


Бүгін коронавирусты жұқтырудың жаңа антирекорды тіркелді. Науқастанғандар саны 5 мыңнан асты.  Алексей Цойдың оптимистік болжамы дәл келді. Дәрігерлер кеселдің жылдам таралуына байланысты   сақтық шараларын қатаң ұстауды ескертеді.

А. Данияр