Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент халықты ауыл әкімдерінің сайлауына белсенді қатысуға шақырды

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2021
  • 2430

25 -шілдеде елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. "Бұл – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі" деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Және халықты белсенді түрде дауыс беруге шақырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің ресми Twitter парақшасында жазды.  Жаңашылдық ел мүддесі үшін қажетті өзгерістерді жүзеге асыруға мол мүмкіндік береді,-деді  Президент. Кандидаттардың бәрі өзі ісінің маманы болатынына және халықтың үмітін ақтай алатынына сенім білдірді.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Жергілікті атқарушы органдардың басшылары саналатын әкімдер мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – отандастарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесін шешуде негізгі рөл атқаруы тиіс. Сайлау науқаны барысында азаматтарымыз жоғары белсенділік танытып, тұрғындардың мемлекет ісі мен қоғам өміріне етене араласатынын және еліміздің қазіргі дамуы мен келешегіне зор жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Бұл-азаматтық патриотизмнің шынайы көрінісі.

Ғ.Өтемісов