Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы «Мектепке жол» акциясы аясында атыраулық отбасыларға көмек көрсетті

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2017
  • 3656

Атырауда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырумен «Мектепке жол» акциясы басталды. Жаңа оқу жылы қарсаңында билік партиясына екі жүзге тарта адам көмек сұрап келген. Тұрғындарың өтініші назардан тыс қалған жоқ. Игі бастамаға 20 адам демеушілік көрсетті. Қайырымды азаматтардың қатарында мәслихат депутаттары да бар. Демеушілердің қаражатына мектепке қажет құрал-жабдық пен киім-кешек сатып алынды. Бүгін акциясың алғашқы кезеңі басталды. Игі шара шеңберінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді. Аталған шара барысында барлығы 120 балаға мектеп жабдықтары тарту етілмек. Ұйымдастырушылар акцияны келесі аптаға дейін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Роза Ищанова, Атырау қаласының тұрғыны:

«Нұр Отан» партиясы сендерге көп-көп рахмет айтамын.  Балаларыма, немереме, көпбалалы семьяға көмектесіп жатырсындар.