Русский Сайттың толық нұсқасы

Педофилге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2021
  • 2869

Оралда сот педофил әкеге кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды. Айта кетейік, 13 жастағы өгей қызына азғындық жасаған 34 жастағы жігіт 20 жылға сотталған болатын. Бірақ сотталушы мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген.

Самира ДУСТАЛИЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Әділ үкім шығарған сотқа алғысымды айтқым келеді. Өйткені істі әділ қарап, дұрыс үкім шықты. Тергеу ісіне де көңілім толады.

Ал сотталушының анасы үкіммен келіспейтінін айтады. Оның сөзінше, келіні баласына жала жауып, осының бәрін қасақана ұйымдастырған.  

Айсұлу АЙМАҒАМБЕТОВА, СОТТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ:

Келінім ұлымның қымбат көлігін сатқаннан түскен ақшаны алғысы келді. Бірақ ұлым ақшаны бермеген соң осының бәрін әдейі ұйымдастырды. Осыған дейін өткен сотта ол күйе жағып, жеңіп шықты. Сот үкімімен келіспеймін, қажет болса Жоғары сотқа да барамын.

Е. Карин