Русский Сайттың толық нұсқасы

Tokyo олимпиадасында қазақстандықтар межеге жете алмауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2021
  • 2017

Tokyo олимпиадасы бұрғысынан өзгерек. Төрт жылдықтың байрақты бәсекесінде Қазақстан көпшілік күткен межеге жете алмауы мүмкін. Қазақ спорт журналистикасының ақтаңгері Несіп Жүнісбаев осындай пікірде. Бұған ұзақ күткен доданың датасы ерте нақтыланбауы мен пандемия себеп. Сондықтан, спортшыларда өз бабында дайындала алмады, дейді. Айтуынша, қоржынға жүлдені былғары қолғап шеберлері мен көркем гимнастикадан сынға түсіп жатқан Милад Карими және жүзу шебері Дмитрий Баландин салуы мүмкін. Ал, ашылу салтанатында әлемдік БАҚ-ты тәнті еткен Ольга Рыпакова осыған дейінгі нәтижесін қайталау алмауы мүмкін деп отыр.

Несіп ЖҮНІСБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ, СПОРТ ЖУРНАЛИСІ:

Алтынды алсақ тек қана боксшыларымыз немесе Милад Карими секілді аса талантты жігіт ала алады. Енді Құдай қолдап, бақ көтеріп жатса мүмкін, 2 алтын алармыз. Күмісті де көп ала алмаймыз, негізінен қола медальдар біраз болуға тиіс. Командалық есепте біз бұрынғы биігімізден менің ойымша шыға алмаймыз.


Кешегі сегізге дейінгі мәлімет бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте 37-нші орында тұр. Әзірге, атлеттеріміз 2 қола медаль еншіледі. Алғашқы жүлдені дзюдошы Елдос Сметов салды. Жартылай финалға дейін сүрінбеген палуанымыз, олимпиада иелеріне есе жіберді. Ал, жұбаныш белдеуінде кеткен қателікті қайтарды. Екінші медалді ауыр атлет Игорь Сон иеленді. Жұлқып көтеру жаттығуынан 131 келіні көтерсе, серпе көтеруде 163 келіні оңай еңсерді. Қоссайыстың қорытындысы бойын­ша 294 келіні бағындырып, тұғыр биігінен көрінді. Жылдың спорттың додасы 8 тамызда аяқталады. Еске сала кетейін, қазақстандық атлеттер спорттың 27 түрінен 98 лицензияға қол жеткізген еді.

А. Данияр