Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде ағымдағы жылы көкеністер мен жеміс жидекке сұраныс артқан

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2021
  • 4036

Елде ағымдағы жылы көкеністер мен жеміс жидекке сұраныс артқан. Осыдан болар бағасы да едәуір қымбаттаған. Energyprom.kz агенттігінің дерегінше, баға былтырғы жылмен салыстырғанда 14,2 пайызға өсіпті. Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, тіпті соңғы бір айдың өзінде 8 пайызға көтерілген. Қымбатшылық әсіресе Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Қарағанды облыстарында айқын байқалады. Қаңтар-мамыр айларында 106 мың тонна пияз, 62 мың тонна қырыққабат, 45 мың тоннаға жуық картоп пен 27 мың тонна сәбіз елге сырттан әкелінген. Алайда биыл картоп экспорты импорттан 1.6 есеге асып түсті. 70 мың тонна картоп, 21 мың тонна пияз және 1,8 тонна сәбізді шекара асырыппыз. Отандық өнім ішкі нарықты қамтамасыз етпей, неліктен еселеп экспортталып жатқанын сұрау үшін арнайы Ауыл шаруашылық министрлігіне хабарластық. Жауаптылар мән жайды үш күнде анықтап береміз деп уәде етті.

Б. Сатуов