Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл әкімдерінің сайлауында «Nur Otan» партиясының үлесі 86 пайыздан асты

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2021
  • 1401

Ауыл әкімдерінің сайлауында, «Nur Otan» партиясының кандидаттары және өзін-өзі ұсынушы партия мүшелерінің 86%-дан астамы жеңіске жетті. Мұндай ақпаратты Аумақтық сайлау комиссиялары келтірді. Ресми дерекке сүйенсек, жетекші партиядан сынға түскен 627 кандидат әкім болып сайланды. Оның ішінде 65-і өзін-өзі ұсынған нұротандықтар.

ӘКІМ САЙЛАУЫНДАҒЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮЛЕСІ:

ПАРТИЯ ҚАТАРЫНАН САЙЛАНДЫ – 627 ӘКІМ

ӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНҒАН – 65 ӘКІМ


Үгіт-насихат кезеңінде үміткерлер 1,2 млн сайлаушыны қамтыған. 45 мыңнан астам кездесу мен іс-шара өткізілді. Олардың үштен бір бөлігі онлайн форматта болса, қалғандары санитарлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асқан.
 
Жеңіске жеткен нұротандықтардың 35%-дан астамы – жаңа тұлғалар.  Ал 65%-ы қызметтегі әкімдер. Кандидаттардың орташа жасы – 46 жасты құрады. Сайланғандар қатарында әйелдер мен жастардың да үлесі бар.

ӘКІМ САЙЛАУЫНДАҒЫ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮЛЕСІ:


ЖАҢА ТҰЛҒА - 35%

ҚЫЗМЕТТЕГІ ӘКІМДЕР -65%

ӘЙЕЛДЕР – 11,5%

 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖАСТАР – 14,2%


Сайлауда жеңіске жеткен үздіктер қатарында "Ауыл" партиясы мен "Адалдықтардың" да үлесі басым. Ал, көш соңында жалпыұлттық социал-демокртаиялық партиясынан сайланған кандидаттар қалып отыр.

САЙЛАУДАҒЫ ӨЗГЕ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ:


"АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ – 33 АДАМ

"ADAL" ПАРТИЯСЫ – 15 АДАМ

"АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫ – 11 АДАМ

ҚХП – 10 АДАМ

ЖСДП – 1 АДАМ

ӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНҒАНДАР – 33 АДАМ  


Ғ.Өтемісов