Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында дала өрті өршіп тұр

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2021
  • 1395

Қарағанды облысында дала өрті өршіп тұр. Ұлытау ауданындағы жалынмен мамандар үш күн алысты. Тілсіз жаумен күреске төтенеше жағдай мамандарынан бөлек, жергілікті әкімдік, ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер елді-мекендерге қауіп жоқ дейді.

Нұрлан ЖАҚЫПБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨРТТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өрттің жалпы ауданы 6 мың гектар жерді құрады. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, полиция департаментінің бөлімшелері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Төтенше жағдай мамандары биыл аймақта дала өрті көбейгенін айтады. Оған күннің аптап ыстығы мен тұрғындардың қауіпсіздік ережелеріне бейжай қарауы себеп деп отыр.

А. Қуаш