Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда көше кезген қаңғыбастарға да екпе салынып жатыр

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2021
  • 2028

Павлодарда тұрғылықты мекен жайы жоқ қаңғыбастарға да екпе салынып жатыр. Үй-күйінен айрылып, уақытша паналау орталықтарын мекен еткендердің 50 пайыздан астамы вакцина алып үлгерген. Оңалту орталығында қазір 70 адам тұрақты түрде тұрады. Екпе алмаған 34 қаңғыбас бар. Олардың жеке құжаттары жоқ. Сондықтан бұрынғы мекен-жайлары іздестіріліп жатыр екен. Жеке куәлік берілгеннен кейін оларға да екпе жасалынбақ.

Алина СОСНЮК, ПАВЛОДАР қ. ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ:

Мамыр айында бастадық. Бұл жерді тұрақты мекен қылған 36 адамға екпе салынды. Енді келіп түскен тағы 6 адам өз өтініштерімен вакцина алды. Адамдар салдырғысы келеді, бірақ көбінің құжаты жоқ. Жеке сәйкестендіру номері болмаса біз вакцинациялау паспортын бере алмаймыз. Осы жағынан сәл кедергі бар.


Мұрат ОМАРОВ, ПАВЛОДАР қ. ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫН ПАНАЛАУШЫ:


Мен Павлодарда 30 жылдан астам уақыт тұрамын. Мұнда жол апатынан кейін түстім. Келіншегім де қайтыс болды. Баламды туыстары алып кетті. Апаттан кейін мүгедек болып қалдым. Жүре алмаймын. Екпе алдым. Әзірге кері әсер берген жоқ. Жақсы бәрі.


Ө. Қуанар