Русский Сайттың толық нұсқасы

Антальяда демалып жатқан қазақстандықтар оқыс шыққан өрт туралы айтты

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2021
  • 3161

Түркиядағы алапат орман өртін сөндіру мүмкін болмай тұр. Жалын елдімекенге таяп қалды. Адамдар қауіпсіз жерлерге эвакуацияланып жатыр. Жергілікті тұрғындар мен туристер әлеуметтік желілерге қорқынышты суреттер мен кадрларды жүктеуде. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, өрттің салдарынан 1 адам қаза тапқан. 50- ден астамы жапа шеккен. Тілсіз жаудан көптеген үйлер, ауыл шаруашылығы мекемелері мен көліктер зақымданған. Көз ілеспейтін жылдамдықпен шарпыған жалын, жануарларға арналған орталықтарды да жайпап кетті. Үй жануарларн құтқара алмаған. Кей аумақтарда өртті сөндіру желдің кесірінен ұзаққа созылған. Манагват  қаласындағы тілсіз жау ауыздықталғанымен, оның кейбір аудандарда өртпен күрес әлі жалғасып жатыр. Өршеленген өрт Анталья-Аланья тасжолына жетпеуі үшін, өрт сөндірушілер барын салуда. Өрт аумағы үлкен болғанымен, туристер демалатын орындарға жетпеген.

Арслан РАМАЗАНОВ, ТУРИСТ:

Бүкіл аспан түтінге толып, өрт өршіп жатты. Өрт мына жерден басталып, Манавгат қаласына дейін жетті. Ал кешке жаңалықтардан көрсетіп жатты. Бүкіл қала отқа оранып, үйлер өртеніп кетті. Қазір тұрғындар жақын жердегі ауылдарға эвакуацияланып жатыр.

Түркия билігінің мәліметінше, орман өртіне не себеп болғаны белгісіз. Ал, қазақстандық Сыртқы істер министрлігі  жапа шеккендердің ішінде отандастарымыз жоқ екенін айтты. Ведомства өрт болған курорттық аумақта қанша қазақстандықтың барын дөп түсіп айта алмады. Алайда, еліміздің консулдығы Түркия билігімен тығыз байланыста. Төтенше жағдай бола қалса, шұғыл туроператорлар пен консулдыққа хабарласуға кеңес берілуде, деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.  

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Антальядағы өрттің кесірінен жапа шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бірақ, біздің консулдық жергідікті билікпен тығыз байланыста.


Л. Қуанышқызы