Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалған ПТР анықтамасын сатып алған үш оралдық істі болды

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2021
  • 2048

Жалған ПТР анықтамасын сатып алған үш оралдықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің дерегінше, бұл азаматтар   қолдан жасалған құжатпен мемлекеттік шекарадан емін-еркін өткен. Ал заңсыз анықтама сатқан күдіктілер сақтандыру компаниясының қызметкерлері болып шықты. Олар ПТР анкетасын қолдан өзгертіп, қажетті деректерді өздері енгізген. Тіпті Ресейдің Орынбор қаласындағы емдеу мекемесінің шақырту қағаздарын да дайындаған.  Мұндай рұқсат қағазы бар адамдар мемлекеттік шекарадан кедергісіз өтеді. Қазір жалған құжат жасағандардың да үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Жалған ПТР анықтамасын сатып алған үш адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО ПД осындай жалған құжат жасау дерегі бойынша Қылмыстық кодекске сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.


Е. Карин