Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа оқу жылында мектеп формасы міндеттелмейді

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2021
  • 2806

Жаңа оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат АймағаМбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  Қыркүйекте оқушыларға мектеп формасымен қатар, классикалық үлгіде киінуге де рұқсат етіледі. Министр оны елдегі карантиндік шектеулермен байланысты екенін айтты. «Бұл дүкендер мен базарлардағы ұзын сонар кезектерді азайтып, инфекцияның таралуына шектеу қояды» дейді. Сонымен қатар, мұндай шешім қабылдау кезінде халықтың әлеуметтік жағдайы ескерілген.   

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:


Кейбір отбасылардағы уақытша экономикалық қиындықтарға байланысты мектеп формасын сатып алу отбасылық бюджетке қосымша жүктеме болуы мүмкін. Сондықтан, егер ата-аналар түрлі жағдайларға байланысты балаға мектеп формасын ала алмаса, онда уақытша, келесі оқу жылына дейін мектепке классикалық стильдегі киіммен баруға болады.

М. Тоқтасынқызы