Русский Сайттың толық нұсқасы

Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ - А.Шарман

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2021
  • 1834

Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ. Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман осылай дейді.

Алмаз ШАРМАН, АМЕРИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Бүгінгі таңда әлемде 4 млрд түрлі доза вакцина салынған. Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі ауру тудырмайды.

Мамандар вакцина індеттен 100% қорғамаса да, ауру ағымының ауыр болуынан сақтайды дейді.  Дәрігерлердің айтуынша, қауіпті дерттің құрығына ілінгендер- екпе алмағандар.

Сәуле АТЫҒАЕВА, ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР:

Бүгінгі статистиканы қарасаңыз, Қазақстанда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония мен коронавирустан 149 адам қайтыс болды. Барлық науқас вакцина алмаған. Бұл дегеніміз 5-қабатты үйдің тұрғындары деген сөз. Егер күнде қайтыс болғандар саны осылай болса, бір күнде бір ауылды, ауданды жоғалтамыз. Ол біреудің ата-анасы, біреудің баласы.

Сондықтан мамандар халықтың 80 пайызы вакциналанбайынша карантинді жеңілдетпеу керек деп санайды. Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, үнемі жаңа толқындармен, жаңа індеттермен күресуге тура келетінін айтады.

Б. Сатуов