Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ashyq» қосымшасында жаңа шектеулер пайда болды

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2021
  • 1904

Ведомствоаралық комиссия "Ашық" жобасына қатысты жаңа алгоритм бекітті. Енді мониторингтік топтар өз жұмыстарын "инфоқазақста"н порталына тіркеуі керек, және бақылау жүргізу кезінде КюАр коды бар мониторингтік есеп болуы қажет. Яғни, кез-келген адам телефон камерасымен осы кодты сканерлеу арқылы тексерістің шынайылығын, кімді және не үшін бақылауға алғандығын біле алады.   "Ашық" жобасына бір тәулікте екі мыңға жуық кәсіпкер тіркелген. Қосымшамен  белсенді жұмыс істейтіндер ғана   қаулыда бекітілген уақыттан екі сағатқа артық, және әдеттегіден он пайызға көп адам қабылдай алады.  

Қуанышбек МҰҚАШ, НҰР-СҰЛТАН қ. АТАМЕКЕН КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ашық қосымшасымен мүлдем жұмыс істемеген сексенге жуық кәсіпорын бар. Олардың кр коды өшіріліп,  екі аптаға ашық жобасынан шығарылады. Сондай-ақ олар бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген ережелер бойынша жұмыс істей  алмайды.

А. Базарбай