Русский Сайттың толық нұсқасы

Екпе алғандарда қауіпті вирусқа төтеп беретін иммунитет қалыптасқан

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2021
  • 1919

Астаналық зертхана коронавирусқа қарсы екпе жасатқан адамдардың иммунитетінде қандай өзгерістер болғанын анықтады. 7 маусым мен 4 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында аталмыш зертханада антиденені анықтау үшін 962 пациент қан тапсырған болатын. Олар 6 түрлі екпе алған.

866 адам - «Спутник V» вакцинасын, 58 адам - Hayat-Vax, 14 адам - отандық QazVac, 12 адам - CoronaVac екпесін, 9 адам - Pfizer вакцинасын, 3 адам - AstraZeneca салдырған. - Зерттеу нәтижесі бойынша «Спутник V» салдырғандардың 97%-нда, Hayat-Vax алғандардың 90%-нда, QazVac ектіргендердің 79%-нда, CoronaVac алғандардың 92%-нда, Pfizer және AstraZeneca салдырғандардың 100%-нда вакцинадан кейін антидене пайда болғаны анықталды.

10-тамыздан бастап   коронавирусқа қарсы екпе алмаған қызметкерлер жұмыс орнынан кіргізілмейді. Жаңа қаулы бойынша вакцинаның бірінші компонентін соған дейін салдыру керек. Одан кейін тексеру жүргізіліп, ұжымда вакцина салдырмаған қызметкері бар кәсіпорын жауапқа тартылуы мүмкін. Ал екпенің екінші компонентін алу 1 қыркүйекке дейін ұйымдастырылуы тиіс.  

Бүгінгі мәлімет бойынша елімізде 5 млн 584 190 адам короновирус вакцинасының I-компонентін, ал 4 млн 148 969 адам II- компонентін салдырған.  

А. Базарбай