Русский Сайттың толық нұсқасы

Жәрдемақыны әлеуметтік әмиян арқылы алуға болады

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2021
  • 2025

Қазақстандықтар енді жәрдемақы мен әлеуметтік төлем түрлерін әлеуметтік әмиян арқылы алады. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Ведомстваның ақпаратынша жаңа жүйе биыл жыл аяғында тәжірибеге енгізіледі. Жобаның пилоттық нұсқасы желтоқсанда іске қосылады. Келер жылдан бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді электрондық ақша түрінде кезең-кезеңімен аудару жоспарланып отыр. Сондай-ақ, министрлік жоба аясында Ұлттық банктің электронды ақшасы арнайы әмияндарға жіберілетінін айтты. Ал, электронды ақшаны алушыға әлеуметтік кабинет дайындалады.

Әлия РЗАЕВА, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Әлеуметтік әмиян ЖСН негізінде ашылады. Азаматтарда таңдау мүмкіндігі сақталатынын ескеру керек. Ол мемлекеттік көмекті әмиянға электрондық ақшамен немесе банк картасымен алады. Шоттағы қаражат банктер, коллекторлар, салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғалады.

Л. Қуанышқызы