Қарағандыда карантинге қарамастан той жасаған шенеунік жұмыстан босатылды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Жер қатынастары басқармасының басшысы қызының ұзату тойын өткізді деп айыпталды. Тойдың болып жатқанын мобильді топ анықтаған. Мекеменің жанында көліктің көп болуына байланысты және мейрамханада 500-ге жуық адам жиналғандықтан аумақты қоршау үшін полицияның қосымша наряды шақырылған.
Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Полиция қызметкерлерімен мобильдік топтың қаб ылдаған іс-шараларының арқасында мерекелік шара тоқтатылды. Аталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, СЭС –тің қарауына жіберілді.
Б. Сатуов