Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауылда топтық төбелес болып, бір адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2021
  • 3848

Атырау облысында топтық төбелес болып, оның соңы адам өліммен аяқталды. Қайғылы оқиға Индер ауданының Есбол ауылының маңында болған. Жастардың өзара текетіресіне не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі басынан алған ауыр жарақаттан 30 жастағы тұрғын аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмды. Қазір полиция «Адам өлтіру» бабымен іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіп кетті. Күдікті ретінде осы ауылдың 28-29 жастағы 4 адамы қамауға алынған.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Индер ауданында 1991 жылғы азаматтың өліміне қатысты қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 99-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Және осы іске күдікті 4 азамат қазір уақытша ұстау изоляторында  қамауда.

Б. Надірқызы