Русский Сайттың толық нұсқасы

Ирактың қауіпті аумағынан 14 қазақстандық шығарылды

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2017
  • 2741

Ирактың соғыс болып жатқан аумағындағы 14 қазақстандық құтқарылды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 14 адамның біреуі ер, үшеуі әйел адам. Қалған 10-ы бала. Бұған дейін Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров ресейліктермен бірге 6 қазақстандықтың қауіпті аймақтан шығарылғанын жазған еді. Сыртқы істер министрлігі оларды құтқарылған 14 адамның қатарында екенін мәлімдеді.

Таль-Афар аумағынан ТМД елдерінің азаматтарын шығару операциясына Ирак Күрдістанының арнайы қызметі мен құқыққорғау органдары қатысқан. Қауіпті аумақтан шығарылған қазақстандықтар елге эвакуацияланбақ.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Қазір олар Ирак аумағында эвакуацияға әзірленуде. Бұл жағдаймен Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің дипломаттары айналысуда.