Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәптер тапшылығы неге туындады?

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2021
  • 3314

Қала тұрғыны Ғалия балаларына  қажетті оқу құралдарын алу үшін базарға келген.  Іздегенінің бәрі бар, бірақ дәптер  ала алмай  жүрмін дейді.

Ғалия ҚУАНЫШҚЫЗЫ, АТА-АНА:


Дәптерді алайын 20 штук десем, маған айтады 5000 теңгенің көлемінде товар алсаңыз, дәптер 5 теңге болады дейді. Ал егер ештеңе алмасаңыз дәптерді 25 теңгеге аласыз дейді. Енді ол мүмкін емес жағдай ғой.  

Ата-аналардың айтуынша, оқу құралдарының құны өте қымбат. Бір баланы мектепке дайындау үшін  шамамен 60-70 мың теңге керек дейді.

БЛИЦ:

- Қиындау, сумкалардың өзі 7-8 мың.
- 4 балалы, 5 балалыларға қиын енді.  
- Қазір 3 бала бар оқытатын. Үшеуіне 210 мың кетеді сонда.


Мектеп құралдары бағасы расымен де биыл жоғары дейді сатушылар да.  Бірақ оған қарамастан сауданың жақсы жүріп жатқанын айтады.  

Майра БОЛАТҚЫЗЫ, САТУШЫ:

Жылдан-жалға бағасы өсіп келеді. Алып жатыр. Толық заттарын алып жатыр, бірінші сынып та, үлкен сынып та.

Оқушы құрал-жабдығының дені Ресейден тасымалданады. Қытай мен Түркия, Үндістаннан  да импортталатын тауарлар бар. Дәптердің жеке сатылмауының  себебі осымен байланысты дейді мамандар. Биыл тауар аз.  Графика: Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, дәптер   былтырға қарағанда   бұл жолы 10 пайыз аз әкелінген.  Басқа мектеп құралдары да солай. Себебі  пандемияға байланысты  сұраныс  болмаған.   

А. Базарбай