Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтің әлсіз тобына берілетін пәтерлердің үлесін арттыру қажет

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2021
  • 1237

Әлеуметтің әлсіз тобына берілетін пәтерлердің үлесін арттыру қажет. Бүгін үшінші мегаполисте жұмыс сапарымен жүрген мәжілісмендер осы мәселені оңтайлы шешу жолын қарастыру жағын көтерді. «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Берік Оспанов пен Фахриддин Қаратаев,  «Shymkent City» шағын ауданындағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Депутаттар аялдаған он қабатты алты үйдің жалпы аумағы 30 мың шаршы метр. Айта кетейік, аталған кешен мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында салынып жатыр.

Берік ОСПАНОВ,  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ол жерде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация болғаннан кейін тек қана нарықтық жағдайға емес, әлеуметтік жағдайға да қарау керек сияқты. Себебі енді мемлекет тарапынан 75 пайыз осы құрылыстың ақшасы бөлініп жатыр ғой. Сондықтан сол жағын қарастыру керек деп ойлаймын.

Шымкентте құрылыс қарқынды. Жыл соңына дейін 1 млн шаршы метр пәтер қолданысқа берілмек. Бірақ мердігерлер құрылыс материалдарының қымбаттығы қинап тұрғанын көлденең тартты.

Фахриддин ҚАРАТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл мәселерді алдағы біздің сессиямыз 1-нен басталады, сол кезде бл мәселелердің бәрін біз талқылап министрлікпен үкіметпен алға қойып, жұмыс жасаймыз деп отырмыз.

А. Төребекқызы