Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетаудағы сүт зауыты қайта жаңғыртудан өтті

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2021
  • 1565

Мәжілісмен, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Марат Құсайынов, Ақмола облысы Зеренді ауданындағы сүт зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын жуарда мемлекеттік қолдаудың арқасында қайта жаңғыртудан өтті. Серіктестік өндіріске цифрлық технологияларды енгізіп, еңбек өнімділігін бірнеше есеге арттырған. Бүгінде зауыт жылына 20 мың тонна сүт өнімдерін шығарады. Қазір  Қазақстан бойынша ғана емес, Ресейдің бірнеше қалаларына да өнімдерін жөнелтуді жолға қойған. Сонымен қатар мемлекеттік субсидия арқылы биыл фермаға сүтті сиырлардың алғашқы партиясы жеткізіліпті

Марат ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру мониторингі шеңберінде Зеренді ауданындағы  сүт зауытының жұмысымен таныстық. Кәсіпорын мемлекеттен қаржылай қолдау, сонымен қатар субсидиялау алған, былтыр. Серіктестіктің де мемлекетке қайтарымы бар. Жұмыс орындарын ашу арқылы, одан бөлек, өткен жылы бюджетке 200 млн теңге көлемінде салық төлеген.

Т. Оспанбаева