Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордадағы "Жанұя" отбасы институтына 2 жыл

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2021
  • 2459

Елордадағы "Жанұя" отбасы институтының ашылғанына биыл 2 жыл. Осы уақыт аралығында орталыққа 75 мыңнан аса адам көмек сұрап келген. Негізінен халықтың әлеуметтік осал топтағы азаматтарына көрсетілетін қызмет түрлері, атаулы әлеуметтік көмектің жайы, мемлекеттік жәрдемақы алу және әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жүгінеді екен.

Әсемгүл САДЫРОВА,  НҰР-СҰЛТАН қ. "ЖАНҰЯ" ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Біз көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетеміз. «Жанұя» орталығы негізінен  "бір терезе"  қағидаты бойынша жұмыс істейді.  Қызметтер  - білім, денсаулық сақтау бөлімі, жұмыспен қамту орталықтары арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар, тұрғындар тегін заңгерлік кеңес пен психолог көмегіне жүзіне алады.

Орталықтың ашылған күніне орай мұқтаж жандарға қайырымдылық концерті өткізілді. Іс-шараға келген халыққа елордалық филармония әртістері шағын мерекелік тарту жасады.

Арайлым РАХЫМҚЫЗЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:


Әрине, музыка деген бұл ешқандай дүниеге берілмейтін бір ғажап дүние ғой. Сондықтан, әр баланың  музыка мектебінде отырған бала болсын, музыка тыңдаған баланың болсын  құлақ құрышын қандырады. Музыка бұл жақсы мәдени тәрбие береді деп есептеймін. Сондықтан, біз осы кісілердің көңіл-күйлерін көтеріп, жылуымызды шашуға келіп тұрмыз.


Бастапқыда әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдау және жалпы қоғам мүшелерінің әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында ашылған. Халықтан сұраныс көбейгендіктен, қазір ресми түрде муниципалды мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істейді. Енді мұндай орталықтар еліміздің барлық қалаларында ашылады деп жоспарлануда.

А. Данияр