Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда нұротандықтар тағы бес жүз оқушыны жаңа оқу жылына дайындады

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2021
  • 2005

Алматыда "Nur Otan" партиясының мүшелері тағы бес жүз оқушыны жаңа оқу жылына дайындады. Мегаполисте «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда. Партияның Түрксіб аудандық филиалында он алты оқушыға кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табысталды. Қалғандарына 1 қыркүйекке дейін жеткізілетін болады.

Мұрат РАУШАНОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл акцияға елдердің бәрі үлес қосып жатыр. Балалар мектепке бара жатыр. Соларға жеткізіп, балаларға көмегімізді, үлесімізді беріп жатырмыз.

Акция Алматы облысындада жалғасуда. "Nur Otan" партиясының мүшелері аз қамтылған және көп балалы отбасыларғада арнайы мектеп құралдары салынған рюкзактарды табыстап жатыр. Айта кетейік, облыс бойынша бүгінге дейін барлығы бір жарым миллион теңгеден астам 130 балаға қайырымдылық көмек көрсетілген. Олардың арасында жеті баланың анасы Айманкүл Бердібекова да бар.

Айманкүл БЕРДІБЕКОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Аурухананың жалақысын күтіп отырғанбыз. Бүгін Әлия жазғанда қуанып, рахметімді айтып. Бұны да кәдімгідей ақшаға сатып аламыз. Төрт баланыкі оңай емес маған.Рахмет көптен көп.

Б. Сатуов