Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетаулық 200 отбасы баспаналы болды

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2021
  • 1345

Көкшетауда тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Конституция күніне орай   200 отбасыға үй берілді. Сондай-ақ  мемлекеттік органдарға  жаңа қызметтік көліктер  табысталды.  Өңірдегі өзге де игілікті істер туралы Бекболат Сатуов айтады.  

«Сарыарқа» жаңа шағын ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды. Биыл жыл аяғына дейін 700 мың шаршы метр үй пайдалануға берілмек. "Нұрлы жол" бағдарламасы  бойынша салынған бұл баспаналарға арнайы кезекте тұрғандар ие болады. Солардың бірі- Зура Мұхамеджанова  ұзақ күткен пәтеріне қол жеткізіп,  қуанышқа бөленді.

Зура МҰХАМЕДЖАНҚЫЗЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Елбасына рахмет. Мен сияқты 15 бала тәрбиелеп, ұлдарың ұяда болсын, қыздарың қияда болсын. Міне сол 15 баланың арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмын.

Сондай-ақ мерекеге орай, полиция қызметкерлері мен төтеншеліктер және бірнеше басқарма ұжымы   жаңа көлікке ие болды.   

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Күшімізді біріктіре отырып, ақмолалықтардың игілігі үшін,  одан әрі еңбек ететінімізге сенімдімін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болсын. Жаңа көлік құтты болсын!


Ал Қылшақты өзенінің жағасында амфитеатр ашылды. Дәл осы жерде  облыстың дамуына үлес қосқан ақмолалықтар марапатталды.  

Күләш РАХЫМЖАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Шығыстың бір Сараий деген ақыны, ғұламасы былай айтқан екен: "Әрбір мемлекеттің қандай деңгейде екенен білу үшін мәдениеті мен тіліне қара деп". Міне соған қараған уақытта, біз енді ешкімнен кем қалған жоқпыз ғой деп ойлаймын.


Конституция күніне орай өңірде  17 әлеуметтік және өндірістік нысан   пайдалануға берілді.   Облыс дамуы үшін әлі  талай игілікті істі жүзеге асыру жоспарда бар.

Б. Сатуов