Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСКЛЮЗИВ: Уролог-андролог химиялық кастрацияның күшін жоятын препараттар барын мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2017
  • 5441

Келер жылдан бастап педофилдер ципретерон препаратымен піштірілетін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің маманы айтты. Алайда, уролог-андролог мамандар бұл дәрінің күшін жоятын бірнеше препарат бар екенін мәлімдеді. Бұл қандай дәрі? Олар педофилдерге қаншалықты қолжетімді? Тілшіміз Диана Сапарқызы зерттеп көрді.

Педофилдерді "Ципретерон" препараты арқылы химиялық кастрация жасау туралы министрліктің шешімі бар. Дәрі "Самұрық-Қазына-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы әкеледі. Мамандар оның бағасы мен бюджеттен бөлінер қаржы көлемі де әзірге белгісіз дейді. Препарат адам ағзасындағы нәпсіні қоздыратын гармонды төмендетеді. Ол түрмеде отырғандар мен есепте тұрғандарға ай сайын егілетін болады. 

Николай Нигай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық ғылыми-тәжірибелік психикалық денсаулық орталығының бас директоры:

Кастарцияға ципретерон препаратын пайдаланатын боламыз. Бұл препарат антиандрогенді. Қандағы тестестеронды төментетеді. Егер нарыққа басқа да заңды препараттар шығып жатса, оларды да қолданатын боламыз.

Алайда, "Ципретерон" препаратының күшін жоятын «Омнадрен», "Небидо" деген перепараттар бар екені белгілі болды. Бұл туралы уролог-андролог дәрігер Елена Поборнова айтты. Ол сексуалды белсенділікті қалпына келтірмек түгілі, арттырып жібереді. "Ципретеронның"  күшін қарапайым спирт де жоя алатын көрінеді. Сондықтан маман мәселеге жан-жақты қарамаса болмайды дейді. Оған қоса дәрігерлерде педофилдердің тізімі жоқ. Сондықтан оларға бұл препаратты кез келген дәрігер тағайындауы мүмкін екенін айтады. 

Елена Подробнова, уролог-андролог:

Сіздер маған осы сұрақты қойған кезде, иә, егер кастрацияның күшін жоятын препараттар болса, онда бұл кастрация не үшін қажет, деген сұрақ менде туындап тұр. Егер ол қамау кезінде жасалып тұрса жақсы, әрине. Ал бірақ оны босатқанда, ол сол кастрацияның күшін жоятын препаратты кез-келген дәріханадан сатып алып, қалыпқа келе алады ғой. Сондықтан мен тек дәрігердің рецептісі бойынша дәріханалар қатаң босатса екен деймін. Ал Ресейде бұл қатаң түрде қолданылады.

Диана Сапарқызы, тілші:

«Омнадрен» препараты педофилдерге қаншалықты қолжетімді? Осыны тексеру үшін дәріханалардың біріне кіріп көрдік. Мына қағазға препараттың атын жазып, дәрігердің тағайындауы деп көрсеткен едім, мөрдің жоқтығына қарамастан, маған сатпақ болды. Демек, бұл препаратты кез келген педофил сатып ала алады деген сөз.

- «Омнадрен» есть у вас? -Есть. В ампулах да? -Да в ампулах.-Сколько он стоит? -5 ампул 8300 тг -8300 стоит?-Да. -По штучно нельзя их? –Нет. -Только коробкой вы можете мне дать, да? - Да Мхм.-Сейчас подождите, посоветуюсь. -Пока поставьте, я сейчас заберу. - Пожалуйста, пожалуйста!

Бұл бір тұсы ғана. "Ципретеронның" күшін жоятын препарат ғаламторда да еркін саудада. Саудасы жүргенін қалайтын сатушы дәрігер нұсқамасын сұрамайтыны анық. 

Бас прокуратураның статистика комитетінің берген ақпарынша, 1991 жылдан бері балаларды зорлаудың 2 207 факті тіркелеген. Олардың ішінде 1219 жазаларын өтеп жатқандар, ал 988 бостандықта жүр. Ал биылғы жылдың өзінде 106  дерек тіркелген. Кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлау фактісі үнемі орын алатын - Оңтүстік Қазақстан облысы.  Солтүстікте мұндай қауіп аз.

Мұрат Хамитов, ҚР Бас прокуратурасы статистика комитеті төрағасының орынбасары:

Олардың әлемеуметтік портреттерін айтсақ, 18 жасқа дейінгілер, көбінесе 35-45 жастағы ер адамдар осындай әрекетке барады. Олардың ішінде психикалық ауытқулары бар қылмыскерлер бар. Негізінде туыстық қатынасы жоқтар осындай қылмысқа барады. Өгей әкелер, ата-ананың қарауынан тыс қалған балаларға олар үйір болады.

Бір ғана Астанада биыл 5 педофил сотталды. Олар 30 бен 50 жас аралығындағылар.  Олардың ішінде Астанаға табыс іздеп келген Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары да бар.

Сандуғаш Ырысбаева, Астана қ. прокуратурасы басқармасының аға прокуроры:

Олардың барлығы қазір жазаларын өтеп жатыр. Оларға орташа алғанда 16 жылдан  аса жаза тағайындалады.

Кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлаушылардың тізімі бар. Олардың барлығы есепте. Аты-жөні мен суреттері Қамқор кз порталына тіркеліп отырады.