Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент биылғы жолдауында барлық саланы қамтыды, - Сарапшылар пікірі

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2021
  • 1769

Мемлекет басшысының бүгінгі жолдауындағы жаңа тапсырмалары, барлық саланы қамтып отыр. Әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерге қатысты жүктемелері  ойдағыдай орындалса, елдің даму қарқыны әлдеқайда жоғары деңгейге көтеріледі. Президент жолдауына қатысты Парламенттің төменгі палатасы өкілдерінің пікірі осыған саяды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Жолдауда саяси әлеуметтік, экономикалық, өсіп-өркендеудің нақты жолдары, қадамдары көрсетілді. Оның ішінде әсіресе, агроөнеркәсіп, денсаулық, білім, аймақтар дамуы және басқа да бағыттарды нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.


Дархан МЫҢБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Цифрландыру мәселесін перезагрузка жасау керек деді. Бұл меніңше шын мәнінде осы Орта Азияда ғана емес, жалпы көштен қалмайық десек осы мәселені жөнге келтіру керек деп айтып жатыр. Бұл экономикаға да барлық салаға әсер ететін, елімізде шын мәнінде өте үлкен проблема болып тұр.


Ал, саясаттанушы Алуа Жолдыбалина, биылғы жолдаудың ерекшелікі атап өтті. Нақтырақ айтсақ, ел ішіндегі мәселелерге басымдық берілді дейді.

Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Президент әрбір 20 жыл сайын болған жолдау бойынша болған өзгерістердің қорытындысын айтты. Құрылымы экономика, әлеуметтік саланы қамтиды. Саяси саланы да қамтиды,бірақ ішкі саясаттан басым болған жоқ. Бүгінгі жолдаудағы барлық өзекті мәселелер ол Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығы, ішкі бағыты мен дамуына үлкен мән береді деген сөз.

Л. Қуанышқызы