Русский Сайттың толық нұсқасы

«KazakhExport» 7 жыл ішінде отандық кәсіпорындарға 100 млрд теңгеге қолдау көрсеткен

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2017
  • 2452

Астанада Еуразиялық экономикалық одақ елдері ұйымдастырған «Еуразиялық апта» форумы басталды. Панелді сессияның ашылуына Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қатысты. Тақырыпты талқылауға 42 мемлекеттен белді саясаткерлер мен экономистер келді. Жыл сайынғы шараға одақ елдерінен бөлек, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен АҚШ та қызығушылық білдірді.

«Еуразиялық апта» алаңы өзара қарым-қатынасты нығайтып, алдағы бағыт-бағдарды анықтауы қажет. Мұнда салалық сарапшылар ортақ нарықтағы қиындықтарға қатысты кәсіпкерлер сауалына жауап беруге тырысады. Апталық аясында стратегиялық құжаттарға қол қойылды. Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экпорттық-несиелік агенттіктері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «KazakhExport» басшысы Руслан Ысқақовтың айтуынша, бұл қадам бірлескен кәсіпорындарды қолдауға сеп болады. 

Руслан Ысқақов, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру» АҚ басқарма төрағасы:

Біздің тұтынушылар шағын және орта кәсіпорындар. Алпауыт өндірістік компаниялар емес, түрлі саладағы өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға жұмыс істейміз. Мәселен, азық- түлік өнеркәсібі, химиялық тыңайтқыштар шығаратын кәсіпорындар. Ауылшаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін кәсіпорындар көп.

Руслан Ысқақов одақ елдері экспорттық-кредит агенттіктері басшылары ортырысында нақты есеп бере кетті. Ұлттық «KazakhExport» компаниясының мәліметінше, былтыр шикізаттық емес экспорт көлемі 12,8 млрд доллрады құраған. Ал 2025 жылы отандық экспорт көлемін екі есе арттыру көзделеді. Бүгінде «KazakhExport» капиталы 41 млрд теңгені құрайды. Айта кету керек, Қазақстанда шетелдік үлесі бар 22  мың кәсіпорын жұмыс істейді. 9 мыңы Еуразиялық одақ елдеріне қарасты.

Руслан Ысқақов,  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру» АҚ басқарма төрағасы:

2010 жылдан бері біз отандық компанияларға 100 млрд теңгеге қолдау білдірдік. Оның 60 млрды соңғы 2,5 жылда іске асты. Экпорттаушыларды барынша қолдауға қатысты  жоспарымыз көп. Биыл біздің көмегімізге 30 экспортер жүгінді. Және біз Ресейге шығатын экспорттық келісімшарттрадың көпшілігін сақтандырамыз. Биыл 75 импорттаушы қазақстанадық тауарларды алады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ