Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада азаматтық қоғам өкілдері Президент жолдауын талқылап, пікір алмасты

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2021
  • 1799

Елордада жыл соңына дейін 15 мектеп салынып бітеді. Демек білім ошақтары 40 мыңға жуық оқушыны қамтымақ. Президент биылғы жолдауында 2025 жылға дейін мың мектеп салуды тапсырды. Мемлекет басшысының бұл бастамалырын Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық қоғам өкілдері талқылады. Толығырақ алдағы сюжетте.

Дөңгелек үстел басына үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері бас қосты. Күн тәртібінде - Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды пысықталып, оны орындау жолдары талқыланды. Белсенділер жолдаудағы әсіресе әлеуметтік мәселелерге жан-жақты тоқталды.

Махаббат ЕСПЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жолдауда айтылған мәселелер, Өңірлік саясаттың жақсаруы бізге тікелей қатысты. Біз жоспарлауға көбірек қатыса аламыз, мәселен Нұр-Сұлтан қаласының даму бағдарламасы біздің назарымызда.

Биыл елордада 40 мың оқушыға арналып, жаңадан 15 мектеп пайдалануға берілмек. Жыл сайын 10 білім ошағын салу жоспарда бар. Мұны Президент сәрсенбідегі халыққа жолдауында да жүктеген болатын. Осының нәтижесінде 2025 жылға қарай елде мың мектеп жұмысын бастауы тиіс.
 
Дәурен БАБАМҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Негізгі талқыланып жатқан мәселелер бұл төменгі жалақының ұлғаюы. 42500-ден міне 60 мыңның үстіне шықты. Екінші мәселе мынау экологиялық мәселелер. Мектеп құрылыс мәселесі. Ол мектептердің сапасының мәселесі. Ол мектептердегі оқушылардың тағы да қосымша спортпен қамтамасыз ету. Мұның барлығы жолдаудың ішінде бар. Және біз талқылау керек дүниелер.

Азаматтық қоғам өкілдері тағы бір мәселені маңызды деп атады. Ол - кадрларды дайындау. Бұл басты назарда ұстарлық бағыт дейді олар.

Камажан ЖҰМАҚАСОВА, «ҰЛАҒАТ» МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДАМУ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:


Өтіп жатқан жағдайдың барлығын да адамның орны адами потенциалдың орны жоғары екендігіне ол кісі өзі жолдауында басты назар аударды. Бірнеше рет өзінің жолдауында осы кадрлық мәселені нықтап-нықтап айтты. Оған біз өте қатты қосыламыз.


Кездесуге қатысушылар жиын соңында биылғы Жолдауға оң баға беріп, уақыт талабына және қоғамның үмітіне толық сәйкес келетінін айтты.

 Б. Сатуов