Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2021
  • 1288

Елордадағы опера және балет театрының сахнасында, тарихи «Домалақ ана» шығармасы алғаш рет сахналанды.

1,5 сағатқа созылған бұл туындыны, шығармашылық топ небәрі 2 айдың ішінде жарыққа шығарған. Махаббат, мейірім, қайғы, мұң осының бәрі қойылымда әсерлі жеткізілген. Туындының  кейбір тұстарына өзгерістер енгіздік дейді идея авторы Майра Мұхамедқызы. Айтпақшы басты ролді, опера әншісінің өзі сахналайды.

Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:

Бала босанып жатқанда Марау апамыз еңбегіне батырып тастаған ғой бармағын. Енді бұл сахнада көркемдік басқа бір жанр болғандықтан біз ондай дөрекілікті көрсету міндет емес. Сондықтан басқа жағынан абайсызда қолынан түсіріп алғандай етіп көрсеттік.


Шым¬кент қалалық опера және балет театры¬ның ұжымы, тарихи шығарманы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде сахналаған. Мұны театр директоры Майра Мұхамедқызы айтты. Операда тек Нурила ананың қайсар жү¬рек пен кең пейілділігі ғана емес, тарихта айшықты орыны бар Бәйдібек батырдың да бейнесі қатар жүреді.

А. Дукембаева