Қостанайда "Нұр Отан" партиясының қоғамдық кеңес өкілдері Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті басшылығына ескерту жасады. Оқу орнының іргесіндегі студенттер үйі сын көтермейді, дейді жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері. Мәселе әлеуметтік желіде көпшіліктің талқысына түскен. Осыған орай жұмыс тобы мониторинг жүргізген. Жатақхана күрделі жөндеуді қажет етеді. Көне жиһаз,тозығы жеткен сантехника. Түгел жаңарту керек. Бірақ сауалнама барысында жастар жатақханаға көңіліміз толады деп жауап берген. Жатақхана жайлы бейнеролик жариялап, жанайқайын жеткізген студенттер басқа бөлмеге қоныстандырылған. Енді екі айдан кейін тағы мониторинг жүргізеді.
Сабыр МОЛДАҒАЛИЕВ, «JAS OTAN» ЖҚ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Жатақхана жағдайы сын көтермейді. Сантехниканы жаңғыртып, душ бөлмелерін жөндеп, көне жиһаздарды жаңарту қажет. Университет басшылығына ескерту хат жолданды. Бұл жатақхана біздің жіті қадағалауымызда болады.
Аружан АҚПАМБАЕВА, А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:
Біз ғимарат ескі екенін, 30 жыл бұрын салынғанын түсінеміз. Және жыл сайын ағымдағы жөндеу жүргізілетінн көріп жүрміз. Бірақ бірінші курс студенттері бұл жайтты ескермесе керек. Енді ғимарат ескі болған соң жиһаздары тозған. Едендері сықырлайды ғой.
З. Санай