Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетім балалардың тамағына бөлінген ақшаны мекеме қызметкерлері жымқыруы мүмкін

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2021
  • 1365

Жетім балалардың тамағына бөлінген 26 миллионға жуық теңгені жымқырған.  Елордадағы балалар үйінің бірінің директоры мен  бас есепшісіне қатысты сот алды тергеу  басталды.  Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараты бойынша, күдіктілер ақшаны бухгалтердің бұрынғы жұбайының атына тіркелген компания арқылы аударып алып отырған. Сондай-ақ, дәл осы кәсіпорынмен азық-түлік сатып алу және жеткізу келісімшарты жасаған.  Бірақ оның ешқайсысы тиісті ережеге сәйкес келмейді.    

ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:


2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компанияға 130 миллион теңге аударған. Бұл жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген. Соның 25,9 миллион теңгесін жымқырған. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.


А. Данияр