Русский Сайттың толық нұсқасы

ТЖМ материалдық-техникалық базасы ескірген – Мәжіліс депутаты

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2021
  • 2100

Елдегі апатты құтқару құрылғыларының дені ескірген. Азаматтық қорғаныс саласын заманға сай жабдықтау керек. Тіпті осы салада жүргендердің өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп отырмыз. Осылай деген мәжілісмен Сергей Решетников Үкіметке сауал жолдады. Ол төтеншеліктер қызметін заманауи жабдықтармен қамту қажет деді. Ал, астаналық өрт сөндірушілер болса, құрылғылар жыл сайын жаңартылып отырғанын айтады.

Тәуекелге толы төтеншеліктердің қызметі маңызды салалардың бірі. Оған дәлел тамыздың 26 күні Жамбыл облысында болған әскери қоймадан шыққан өрт. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілердің 9 -ы қайтыс болды, 49 түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Депутат осыны мысал етіп, саланы роботтандыру керек деп санайды. Қазір қолданыстағылардың өзі ескіргенін, тіптен кейбіреулерінің жарамсыз болып қалғанын айтты.

Сергей РЕШЕТНИКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

ТЖМ құрамына берілген азаматтық қорғаныстың 3 әскери бөлімінің 2-уі авариялық-құтқару жабдығымен және құрал-саймандармен жүз пайыз қамтамасыз етілмеген. Әрбір бөлімде радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау техникасымен жарақтандыру бойынша бірқатар мәселелер бар. ның 65%-ы жаңартуды талап етеді.

Мәжіліс депутаты саланы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге шақырды. Дегенмен ел астанасындағы өрт сөндірушілер, депутат пікірімен келіспейді. Олар жабдықтардың жыл сайын жаңартылып отыратынын жеткізді.

Бақытжан МӘУЛЕНБЕРДИЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. №6 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Размещают в хостелах: восемьдесят тысяч казахстанских студентов нуждаются в общежитиях, - мажилисмены жыл сайын жаңартылды. Оны біз 2020 жылы жаңа көліктер алған кезде ішіндегі барлық жарақтар жаңадан келеді. Өрт сөндіру жеңдері дейміз басқада құралдары өзі жаңадан келеді. Ол бөлек келмейді.

Әйткенмен өрт сөндіру қызметіне роботтанған жабдықтар әкелуге қарсы емес. Бастарын қауіпке тігетіндерін жоққа шығармайды. Жалпы ел ішінде тәуелсіздік алғалы қызметтік міндеттерін атқару кезінде 63 маман қаза тапса, 155 қызметкер әртүрлі сипаттағы жарақаттар алған.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Елімізде жыл сайын 18 мыңға жуық техногендік және апаттық жағдай тіркеледі. Оның 15 мыңға жуығы өртке байланысты болады дейді мамандар. Сондықтан бірінші кезекте өрт сөндіру қызметін қажетті жабдықпен қамтамасыз ету маңызды.

Б. Сатуов