Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясында үндеу жолдады

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2021
  • 2030

Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі пленарлық отырысы өтті. Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған шара, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеүндеуімен ашылды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Ядролық қозғалысты тоқтату мақсатында қазақстандық дипломатияның халықаралық аренадағы ерекше күш-жігерін атап өтті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Осыдан отыз жыл бұрын мен әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірі –  Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл адамзат тарихында ядролық сынақтар өткізуге заңдық тұрғыда тыйым салған алғашқы шешім еді. Семей полигонынан кейін дүниежүзі бойынша басқа да полигондар жабылды немесе тоқтатылды. Ядролық сынақтарға тыйым салу жаһандық сипатқа ие болды.


Елбасы өз сөзінде Қазақстан ядролық қарудан бас тартуда көпшілікке үлгі болғанын атап өтті. Сонымен қатар біздің тәжірибемізді қолдануға шақырды. Әлемде болып жатқан қақтығыстардан атомдық қарусыз шығуға болатынына сенім білдірді.


А. Базарбай