Русский Сайттың толық нұсқасы

Жиһаз жасатамыз деп алданып қалған елордалықтар қаражаттарын талап етіп жүр

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2021
  • 2867

Жаңа жиһаз аламыз деп алдандық деген елордалықтар, арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Тапсырыс берген жиһаздарын жарты жылдан бері ала алмай жүргендерін айтып, ақшаларын қайтарып беруді талап етіп отыр. Жиғанынан айырылған тұтынушылардың базынасын әріптесім тыңдап қайтты.

Қаражатын талап етіп жүрген, бұл адамдар жиһаз жасатамыз деп, сан соғып қалғандар. Олар серіктестіктің ғимаратына осылай баса-көктеп кірді. Жұмсақ жиһаз емес, алдын ала жасаған төлемдерін қайтарып алуды көздейді. Айтуларынша арада келісім-шарт жасалып, бір жарым айдан соң жаңа жиһаз алатын болып уағдаласқан. Содан бері жылға жуықтапты.

Нұрсұлу ҚҰСАЙЫНОВА,  ТҰТЫНУШЫ:


Ақша да, жиһазда жоқ. Себебін түсіндіріп бере аласыз ба?  10 айдан асты, кейбіреуі 2018 жылдан бері әлі  жүрміз.


Марина БОТАБЕКОВА, ТҰТЫНУШЫ:

1-ші желтоқсаннан бастап келісім-шартқа отырдық,  жиһазды маған 24-ші желтоқсан күні орнату керек болған. Жарты жылдан асты, жиһаз қайда, ақша қайда?

Жиналғандардың алды 700 мыңнан, ең азы 300 мың теңгеден санап бергендерін айтады. Олар бір емес бірнеше рет құзырлы орындарға   шағымданған. Полиция соның негізінде іс қозғаған. Бірақ көп ұзамай тоқтап қалды дейді.

Сұлтанбек НҰРЖІГІТ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Алматы аудандық полиция бөлімінде "Версаль Компаниясы" ЖШС-на қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу нәтижесімен тоқтату туралы шешім қабылдаған. Аталған шешіммен аудандық прокуратура келісілген. Тергеу нәтижесімен аталған Версаль компания ЖШС-нің директоры Ким атаулы азаматтың алдын ала алаяқтық қылмыстық іс жасауға бағытталған ниетінің анықталмауына байланысты оған қатысты қылмыстық іс қудалау тоқтатылады.

Жиһаз жасайтын серіктестік жұмысын тоқтатпаған. Қазір де тапсырыстарды қызу қабылдап жатыр. Ал, басшысы өзін алаяқпын деп санамайды. Ол қаржылық қиындықтарға тап болғандықтан, осындай проблемалар туындады дейді.     

Владимир КИМ, КӘСІПКЕР:

Осында тұрған жапа шеккендерді  2019- жылдан бері білемін, жұмыстың тоқтауына қаржылай қиындықтар болды, бірақ қазір біз оны шештік. Мәселені шешкен кезде тұтынушылар бізден жиһазды талап ете бастады. Бірақ  уақыт аз болғандықтан, жартысын ғана жасап үлгердік.


Базыналы бұқара заң органдарының әрекетін түсіне алар емес. Заңгер Гүлайым Антаева алаяқтарға қазіргі уақытта ешқандай жаза қолданылмайтынын жеткізді.

Гүлайым АНТАЕВА, ЗАҢГЕР:

Көптеген кісілер Ішкі Істер басқармасы осындай істер көп болғаннан кейін қарай бермейді. Өйткені қолдарында келісім-шарт бар, сол себептен. Сотқа барып келісім-шартты заңсыз деп тануыңыз керек.


Сондай-ақ, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамауына байланысты құзырлы органдардың үстінен сотқа арыздануға болатынын айтты. Дей тұрғанмен соңғы кезде алаяқтардың көбеюі, ол адамдардың сауатсыздығынан болып жатыр деп алаңдаулы.

А. Дукембаева