Русский Сайттың толық нұсқасы

Риелторсыз баспана алу қиындап кеткен

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2021
  • 2428

Бүгінде риелторсыз баспана таба алмайсыз. Әрі олардың қызмет ақысы, баспана бағасымен бірге шарықтапты. Мегаполистерде 350 мың теңгеден басталады. Ел ішінде ресми тіркеліп, заңды жұмыс істеп жүрген риелторлық компаниялардың саны 60. Ал, бейресмиі 4 мыңға жуықтаған. Әріптесім жалғастырады.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Елімізде  соңғы жылдары жылжымайтын мүлікті делдалсыз ала алмайтын болдық, тіпті пәтер жалдау үшін де олардың көмегіне жүгінеміз. Жаңа тілмен айтқанда, риелтор дейміз. Бұл қызмет түрі қалтасы толғандарға және жұмыс барысымен уақыты шектеулі азаматтарға таптырмас көмек қолы. Қызмет құны да айтарлықтай қомақты.


Мәселен, орта есеппен, риелтор қызмет ақысы Нұр-Сұлтанда 300 мың тг, Алматыда 350 мың тенгеден басталса, басқа өңірлерде 200 мың тенгені құрайды. Ал, мұндай қаржыны қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. Елорда тұрғыны , риелтор пәтер сатушымен кездестіріп, үйді көрсеткені үшін 350 мың тенге сұрады дейді. Жылжымайтын мүлікті сатуға арналған сайттардағы барлық жарнамаларды сатып алып, қызметтеріне қомақты қаржы талап ететіндеріне ашынады.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жақында ғана пәтер алдым, бағасы миға қонымсыз. Қасымда шығарып салушы болып жүргеніне 350 мын алды. Сайттан

Пәтерді жалға алатын болсаңыз да, делдалға пәтердің 20 пайызын бересіз. Сатып алатын болсаңыз немесе сататын болсаңыз пәтердің жалпы құнынан 3 пайызын риелторға төтейсіз. Сонымен қатар, кейбір компаниялар сатушы мен сатып алушыдан да ақша талап етеді. Бұл жағдайда, мәселен, елордадағы баға бойынша есептеп көрсек, бір баспананы сатқаны үшін делдалдық компанияға 600 мың теңге табыс түседі.  

Нұрсұлтан САПАХОВ, РИЕЛТОР:

Ең бірінші сатып алушыға жақсы пәтер тауып беру және толығымен сделканы сопроваждать ету. Комиссияны көбінесе сатып алушы төлейді.  

Қауымдастығы елдегі риелторларды аттестациялаудан өткізіп, сауаттандыруды басты мақсат еткен. Осыған орай, тіпті риелторлық академия да ашылыпты.

Орынбасар САТАЕВ, ҚР БІРІККЕН РИЕЛТОРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Бұл саланы үкімет заңмен қарап отқан жоқ.  Сондықтан клиенттер, тұрғындар оқудан өтпеген білімсіз жаңа риелторларға тап болса қателесуі мүмкін. Осындай жағдайда черный риелтор деп шығады. Негізі оның білімі төмендеу, ол риелторларды оқыту керек.

Қауымдастықтың мәліметінше, елде ресми тіркеліп, заңды жұмыс істеп жүрген риелторлық компаниялардың саны бар-жоғы 60 қана. Ал, бейресми 4 мыңға жуық компания бар көрінеді.  

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:


Олардың қызметті соңғы 4-5 жылда қарқынды дамып келеді. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларында үлкен сұранысқа ие. Мамандар кеңесі: алданып қалмау үшін, риелтордан міндетті түрде лицензия сұраған жөн.

Д. Жарқынбек