Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік сүр бойдақ Egov-тан 16 жылдан бері некеде тұрғанын білген

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2021
  • 1979

Шымкенттік сүр бойдақ 16 жылдан бері өзіне бейтаныс жанмен заңды некеде тұрғаны біліп, таң тамаша күйге түскен. 49 жастағы азамат мұны ұялы телефонына орнатқан Egov қосымшасынан кездейсоқ білген. Бұл жайында оның адвокаты Евгений Яворский арнамызға берген сұқбатында айтты. Бұрын соңды үйленбеген азамат, 51 жастағы Татьяна Васильевна есімді жанмен кімнің некелестіріп қойғанын біле алмай жүр. Құжат бойынша заңды неке 2005 жылдың 21-қаңтарында Сайрам ауданында тіркеліпті. Тіпті әйел өзін білмейтін күйеуінің тегіне де өтіп алған. Бір қызығы осы уақыт аралығында бірнеше рет жылжымайтын мүліктерін сатып, сатып алу жұмыстарын жүргізген. Бірақ алдынан мұндай дерек еш кезікпеген көрінеді.

Евгений ЯВОРСКИЙ,  АДВОКАТ:
   
Ол азаматшаның жеке басын біз анықтадық. Қазір Түркияда тұрып жатыр екен. Қазақстан азаматшасы екені мәлім. Менің бір болжамым бойынша ол азаматша шетелге шығу үшін құжат жүзінде некеге тұрған болуы мүмкін. Бұл әрине менің бір болжамым ғана.


Белгісіз жағдайда отбасылы болып шыға келген жанның арызын, қазір полиция қарап жатыр. Ал оның адвокаты Евгений Яворский құжаттарда кетіп жатқан бұл алғашқы таң қаларлық жағдай емес дейді. Яворскийдің білуінше бұндай жағдай электрондық үкімет базасында бұған дейін де кезігіпті. Жуырда бір азамат Egov –тағы жеке деректерін қарау кезінде өмірден өткеннен кейін ішкі ағзаларын донор ретінде беруге келісім берген. Бірақ оның өзі мұндай құжатқа қол қоймаған.


А. Төребекқызы