Русский Сайттың толық нұсқасы

Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсетіледі

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2021
  • 1957

Елордада ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған орталықтар ашылды. Бұл жерде ата-аналар өздерінің кәсібін дөңгелетіп, іс жүргізуіне болады. Бұл жоба қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ бас қалада  көпбалалы аналарға арналған 12   көпсалалы орталық бар.  

Елордада ерекше бала тәрбиелеп отырған 6000 жуық отбасы бар. Науқас сәбиге  жан-жақты күтім керек. Сондықтан бұл балалардың аналары жұмыс  істемейді.  Жаңа орталық ашылғанына олар қатты қуанды.

Құралай РАХЫМБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Таңертеңнен кешке дейін жұмыс істеуге уақытым болған жоқ. Жұмыс істей  алмадым. Өйткені екі ерекше бала болғандықтан. Міне енді әкімшіліктің көмегінің арқасында осындай жарты күн жұмыс істеп жатырмын.

Орталықта 10-нан астам ата-ана жұмыс істейді. Тігін  цехы, сұлулық салоны, типография, массаж және т.б салалар бойынша қызмет көрсетіледі. Аналар үшін ең тиімдісі- жұмыс уақытының ыңғайлығы. Әр ана жұмыс күні мен сағатын өздері бекітеді. Сонымен қатар, қоғамдық қор айына бір рет зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетуді дәстүрге  айналдырған.   

Ботагөз СҰЛТАНОВА, "БАҚЫТТЫ ШАҢЫРАҚ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Айына бір рет біз жалғыз тұратын қарт кісілерге арнап акция өткізіп тұрамыз. Яғни,тігін, шаштараз, массаж секілді қызмет түрлері тегін болады. Бұл ретте біз тізімді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан аламыз.

Арнайы орталық ашу идеясын осал топтағы жанұялар ұсынған. Ал, қала басшылығы  ғимарат пен құрал-жабдық, жөндеу жұмыстарын өз міндетіне алған.

Қуаныш МОЛДАБЕК, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:


Көпбалалы аналар, ерекше балалар асырап отырған аналар бізге өтінішпен келіп түскен болатын қолдау көрсету бойынша. Біз азаматтарды қолдау мақсатында Нұр-сұлтан қаласының қолдауымен, демеушілердің қолдауымен осындай орталықтар ашып жатырмыз.  

Қазір елордада 10 орталық бар. Егер тағы сұраныс артса, әкімшілік қолдауға әзір.

Д. Жарқынбек