Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада 200 мың тұрғын халық санағы бойынша электронды сауалнаманы толтырған

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2021
  • 1779

Елордалық 200 мыңнан астам тұрғын электронды санақтан өткен. Ұлттық науқан елімізде 1-ші қыркүйекте басталған болатын. Қарашаның ортасына дейін жалғасады. Жуырда үйлерді аралап, санақ жүргізу жұмыстары басталады. Осы мақсатта 1 жарым мың  адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай айтып береді.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Тәуелсіздік алғалы 3-ші рет өткізіліп жатқан халық санағының биылғы ерекшелігі - әр тұрғын оған онлайн қатыса алады. Яғни, ол үшін электронды сауалнама ұйымдастырылған. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында, ірі сауда-ойын сауық орталықтарында және аудандық әкімдіктер мен кейбір  мекемелерде осындай санақ бұрыштары бар.

Электронды сауалнамадан өту науқаны 15-ші қарашаға дейін жалғасады. Тек өзі емес, барлық отбасы мүшелерін үйде отырып-ақ тіркеу арқылы санаққа қатыса алады. Оған дейін тіркеліп үлгермеген тұрғындарға, "сұқбаттасушылар" үйге келіп, сауалнамаға жауап алады.  

Жанар СЕРІКБАЕВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Әрбір азамат осы онлайн санақтан өтуге болады.  Нұр-сұлтан қаласы бойынша бүгінгі күні 17-қыркүйекке сағат 8:00-дегі ақпарат бойынша онлайн санақтан 234 894 адам өтті.


Айта кетейік, халық санағы аясында мың жарым адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Ұлттық науқанға ат салысамын дегендерге қойылар талаптың бірі, ол- вакцина құжаты. Оффлайн санақ барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өткізілмек.  

Жанар СЕРІКБАЕВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда бізде собеседование өткізіліп жатыр. Бүгінгі таңда міне 300 адам келді. +Барлық жұмыссыз адамдарды, студенттерді осындай үлкен науқанға қатысуға шақырамыз.

Егер үйіңізге келген адамға сенімсіздік туып жатса, сұқбаттасушы туралы ақпаратты sanaq.gov.kz сайттында тексеруге болады. Ұлттық санақты өткізу кезінде тәулік бойы бірыңғай call-орталық жұмыс істейді. Оның телефон номері - 1446. Қоңырау шалу тегін.

А. Базарбай