«Астана» халықаралық қаржы
орталығының соты қылмыстық істерді қарамайтын болады. Оның құзырына әкімшілік
істерді ғана қарау жатады. Ал қылмыстық істер ұлттық сот жүйесіне тиесілі
болмақ.
Бұл туралы бүгін «Астана» қаржы алаңында өткен құқықтық кеңес барысында
мәлім болды. Кеңес құқықтық жүйені одан әрмен дамыту мақсатында жұмыстарын
жалғастырып келеді. Заңдық база ағылшын ережесі негізінде жасақталады. Дубай
тәжірибесі де қаралады. Инвестициялық арбитраж да жұмысын бастайды. Ол
Халықаралық қаржы орталығы мүшелерінің дауларын ғана емес, экономикалық бағытта
Қазақстанмен байланысы бар компаниялардың да істерін қарайды. Инсайдты теріс
пайдалану бөлек реттелмек.
Эндрю Олдленд, АХҚО құқықтық
кеңесінің мүшесі:
Қазір жасақталып жатқан арнайы
қаржылық нормалар бар. Олар әзірге консультативтік кеңестің жұмысына енбей
отыр. Алайда, олар инсайдерлік келісім барысындағы мәселелерге жақсы шешім
болар еді. Инсайдқа қарсы санкциялар қылмыстық болмауы тиіс, себебі АХҚО-да
қылмыстық істі қарау бағыты жоқ. Алайда, айып салуға мүмкіндігі бар.
Инсайдерлік сауда тәртібін бұзғандарға қарсы жұмысын тоқтатып немесе шектей
алады.