Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары Қазақстан экономикасына әсер етпейді - Ұлттық банк

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2017
  • 2516

АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары Қазақстан экономикасына айтарлықтай әсер етпейді. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деп мәлімдеді. Айта кетейік, АҚШ президенті Ресейге жаңа санкциялар салу туралы заңға шілденің аяғында қол қойған еді. Бұл біздің елді де айналып өтпейді, - деген еді сарапшылар.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы: 

АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларына тоқталатын болсақ, бұл үдерістің Қазақстан экономикасына ықпалы бейтарап болады деп, бағалап отырмыз. Әлемдік шикізат нарығындағы көрсеткіштер тұрақты болса, Ресейге салынған санкциядан келетін шығындар өте аз болады.

Бас банкирдің сөзінше, «жинақтарды алтын құймалармен сақтау бағдарламасы» халық арасында сұранысқа ие бола бастапты. Жоба жүзеге асқан үш ай ішінде салмағы 24 келіні құраған 620-дан аса сом алтын сатып алынған. Әсіресе, елде 5 және 10 граммдық құйма алтындарға деген сұраныс жоғары.