Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада есірткіге қатысты 150 қылмыстық іс қозғалған

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2021
  • 1817

Елордада биыл  есірткіге қатысты 150- ден астам қылмыстық іс қозғалған.   115 келі  есірткі тәркіленген.   Қазір де бас қалада  нашақорлықпен күрес шаралары  қарқынды жүріп жатыр. Оған  "есірткісіз болашақ" ұранымен еріктілер де атсалысуда.

Елордада биыл  есірткіге қатысты қылмыс былтырға  қарағанда көбейген.   Полиция департаментінің мәліметінше,  қала бойынша    151 қылмыстық іс қозғалған. Оның 102-сі заңсыз есірткі сатумен айналысқан азаматтарға қатысты болған.   20   адам сотталған. Олар 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Әлия ҚИБАТҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН Қ. ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Елімізде есірткінің каннабис, опиоидт түрлерінің жетіспеушілігінен синтетикалық есірткіге сұраныс артқан. Бұл есірткі түрі Европа елдерінен, Қытайдан, Ресей федерациясыннан түрлі жолмен алып келінеді. Мәселен, шәйлар мен жәндіктерді улайтын заттардың қораптарын пайдаланып, елге кіргізеді.  Сонымен қатар, наркодиллерлер бізге есірткіні жою үшін әлеуметтік желілерде жұмыс істеуді ұсынды.


Сондай-ақ, мамандар   жасөспірімдер мен студенттер арасында нашақорлыққа қарсы 140 -тан астам профилактикалық іс-шара өткізген.  Бұл акциялар  жас ұрпақты құқық бұзушылықтан қорғап, саналы азамат етіп  қалыптасыруға септігін тигізеді дейді полицейлер.    

Әлия ҚИБАТҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Жастардың көбісі есірткінің салдарын түсіне бермейді. Ол үшін жауапкершілікке тартылатынынан хабары аз. Жастардың бұл тұрғыда қорқынышы жоқ. Олар есірткі деп тек екпе арқылы қолданатын героин деп түсінеді. Жәй ғана шегемін деген түсінік мүлдем дұрыс емес. Сол себепті дәрістерде біз синтетикалық есірткінің  шынында қауіпті екенін түсіндіреміз.

Жандос АҚТАЕВ, ЕРІКТІ:

Елімізде синтетикалық есірткі  өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында көп тараған. Жастар жиі қолданады. Ол  әрине психологиялық физикалық тұрғыда зор зиянын тигізеді. Біз оларды бұл қауіптен сақтау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз.

Елімізде жылдан-жылға есірткіге қарсы ұйымдар  көбейіп келеді. Ал биылдан бастап полиция қызметкерлері еріктілермен бірігіп, іс-шаралар ұйымдастыруда. Жастарға жаман әдеттерден бойды аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндейтін шаралар өз нәтижесін беріп отыр дейді мамандар.  

Бұл тұрғыда қызығушыллық танытқан жастар қатары артып келеді.

Д. Жарқынбек