Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда «тоңазытқыштағы шақалақ ісі» аппеляциялық сотта қаралып жатыр

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2021
  • 1313

Атырауда шақалақты тоңазытқышқа салып өлтірді деп сотталған бұрыңғы дәрігерлердің ісі аппеляциялық сотта қаралып жатқанына бесінші айға жуықтады. Процесс онлайн режимде өтуде. Перзентхананың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен оның қос әріптесі тергеу абақтысынан тікелей қосылды. Олар соттың алғашқы сатысында ескерілмеді деп есептеген бірнеше фактіні атап,  сот алқасынан заңды баға беруді сұрады. Сотталушылардың айтуынша, жаңа туған нәрестенің денсаулығын бақылау, алғашқы көмек көрсету неанотологтардың функционалдық міндетіне жатады. Алайда қамақта акушер-гинекологтардың отыруы – әделетсіздік дейді.

СОТТАЛУШЫ:

Батыс Қазақстан облысындағы сот медицина сараптамасының 11 қазандағы  қорытындысында: «Шақалақтың ішкі мүшелерінің жетілмеуіне байланысты жедел тыныс алу жетіспеушігінен қайтыс болды» - деп көрсетілген. Егер сәби осындай жағдайда туылса, онымен неонатологтар айналысу керек. Неге акушер-генекологтарды темір торға қамады? Осы жағдай әлі күнге түсініксіз. Негізі жаңа туған нәрестеге алғашқы ренимациялық көмек көрсету, динамикасын бақылау неонотологтардың функционалдық міндетіне жатады.

СОТТАЛУШЫ:

Неонотолог Әлімбаева «сотта өлген сәбиді көрдім»,- деді. Бірақ бұл жағдайды ешкім назарға алмай, баға бермей отыр. Жаңа туған нәрестенің медициналық тарихы болады.  Оған зерттеу жүргізілген жоқ. Соны қосымша кешенді сараптамаға жіберуді сұраймын.

Сондай-ақ сотталушылар сот алқасынан, қылмыстық істің 1-шісінен 69-шы томына дейін процесуалды бұзушылыққа толы екенін ескертіп, қайта қарап шығуды өтінді. Айта кетейік, ақ халаттыларға үкім былтыр қаңтар айында шыққан. Перенаталдық орталық тың бас дәрігері болған Қуаныш Нысанбаев 18,  акушер-гинеколог Асқар Қайыржан 16,  босану бөлімшесінің акушері Жәмила  Құлбатырова 15 жылға абақтыға қамалды. Ал неанатолог дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен  Дариға Жұмабаеваға аса ауыр қылмысты құқық қорғау органдарына хабарламады деген айып тағылды. Оларға 3 жыл бас босандығынан шектеумен жазаланды.

Б. Нәдірқызы