Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәліптер Бас Ассамблеяда сөз сөйлеуге өтініш білдірді

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2021
  • 1476

Нью -Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының  Бас Ассамблеясы өтіп жатыр.  Ең маңызды мәселелер қатарында Ауғанстандағы жағдай мен Таяу Шығыстағы босқындар легі және АҚШ -тың оңтүстік шекарасына жақын орналасқан мигранттар жайы тұр. Джо Байден  президент ретінде алғаш рет бас ассамблея мінберіне шығып сөз сөйледі. "Талибан" радикалды қозғалысы  Нью-Йоркте өтіп жатқан кезекті сессия отырысына қатысуға және әлем басшылары алдында сөз сөйлеуге өтініш білдірді. Алқалы отырысқа қатысушылар бұған қалай қарады, Бас Ассамблеяда тағы қандай мәселелер талқыланып жатыр? Толығырақ алдағы сюжетте.

Кезекті сессияда  Еуропа елдері мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерін алаңдатқан ең маңызды мәселе - ауған босқындарының жайы.  Өйткені қазірдің өзінде мыңдаған адам  Польша мен Беларусь шекарасын жағалап жүр.  Бұл жағдай бір кездері Сириядан ағылған милиондаған мигрантың  Түркияны паналағанын еске салады.

Режеп ТАЙЫП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ауғанстандағы оқиғалардан кейін, бұл елден шығатын мигранттар ағынының ұлғаюы заңдылық.  Біз Сирия дағдарысы кезінде адамдық қадір -қасиетті сақтадық, бірақ бізде иммиграцияның жаңа толқындарына төтеп беру қабілеті мен төзімділік  жоқ.  Барлық мүдделі тараптардың жауапкершіліктерді тең бөлуге үлес қосатын кезі келді.

Ердоған шығынды да, жауапкершілікті де  осы жағдайға қатысы барлармен  бөлісуді ұсынды.  Яғни  бұл жерде Ауғанстаннан әскерін шығарған елдер туралы айтылып  отыр.  Сұрақ, дегенмен, жауапсыз қалды.  Джо Байден өзінің жарты сағаттық сөзінде мигранттар туралы жақ ашпады. Тек  БҰҰ-мен қарым-қатынас, пандемия және «әлемдегі әділеттілік» туралы баяндама жасады.

 Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
 
Біз ондаған жылдар бойы халықаралық өзара іс-қимылдың бағыттарын қалыптастырған және бүкіл әлемдегі елдердің дамуына таптырмас қызмет көрсеткен ұзақ мерзімді ережелер мен нормаларды қолдаймыз.  Кеме қатынасы еркіндігі, халықаралық ережелер мен келісімдерді сақтау, тәуекелдерді төмендету мен ашықтықты арттыру үшін қаруды бақылау шараларын қолдау сияқты негізгі ережелер.

Ал БҰҰ мінберіне шығуды армандайтын талибандарға келсек, бұл жақын арада орындалмайтыны анық.  Талибандықтардың өтініші хатшылыққа жолданған. Алайда сессия аяқталғанға дейін мұндай маңызды мәселенің талқылануы екіталай.  Бұл- талибандықтардың БҰҰ -на  биыл кірмейді дегенді білдіреді.

Б. Сатуов