Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауға 205 жолаушысы бар ұшақ шұғыл қонды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2021
  • 2165

Атырауға шұғыл қонған "Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл" бағыттадығы «Boeing-767» ұшағының жанар-жағар май жүйесінде ақау болған. Бұл туралы аймақтың төтенше жағдай мамандары хабарлады. "Air Astana" компаниясына тиесілі әуе көлігінде 205 жолаушы болған, оның 5-уі бала. Жолаушылар болса, уақыт жоғалтқандарына шағымданды. Тіпті мерзімі шектеулі ПТР анықтамасы, келесі ұшаққа жарамай қала ма деп алаңдаулы.

Айдана АМАНЖОЛОВА, ЖОЛАУШЫ:

Менде Стамбулға дейін, Стамбулдан кейін тағы бір рейс болу керек еді. Бухарестке. 8 сағаттан кейін. Мен ғана емес басқа адамдарда да трансфер болды.  Бірақ оларға ештеңе айтылған жоқ. Қашан ауыстырады, кім ауыстырады? Ұйымдастыру нашар болды. Өйткені біз ана жақта көп күтіп қалдық.

Ләззат ДӨСЕРБЕКОВА, ЖОЛАУШЫ:

Рейсті бір тәулікке кешіктірді. Біздің ПТР тестіміздің уақыты өтіп жатыр. Кей жолаушылар балаларымен  жүр. Бәріміз стрестік жағдайда тұрмыз. Бұл осындай ірі халықаралық компания үшін болмайтын жағдай. Бортты дайындауға өте кәсіби түрде жауапкершілікпен келу керек деп есептеймін. Бұл менің 3 жылдан бері күткен демалысым еді. Бізге ештеңе түсіндірмеді.

Жолаушыларға алғашында екі сағаттан кейін, жолға шығатындарын хабарлап, күттіріп қойған. Бірақ ұшақ болмай, бірнеше сағаттан соң қонақ үйге орналастырыпты. 16 сағаттан соң ғана резервтегі бортпен әуеге көтерілген.

Б. Надірқызы