Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы ауруханалардың бірінде ойран салған кім?

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2021
  • 1643

Алматыдағы ауруханалардың бірінде ішімдік ішкен ер адам шу шығарды. Ащы суға сылқия тойған азамат жәдел көмек көрсету орталығының қызметкерін балағаттап, мекеменің есігін сындырған. Бұзақының әрекеті әлеуметік желіге тарады. Ол алдымен аурухана кіреберісіндегі күзетшімін жанжалдасады. Артынша оны тәртіпке шақырмақ болған екі полицейге дөрекілік танытады.

Бейнежазбада ол өзін «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің» өкілімін деп таныстырады. Қалалық Полиция Департаменті 24 жастағы ер адамды анықтады. Бұзақылық дерегімен іс қозғады. Әрі оның құқық қорғау саласына қатысы жоқ екенін жариялады. Енді бұл әрекеті үшін қомақты айыппұл салынбақ немесе екі жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы ұарастырылған. Тәртіп сақшылары оның бұған дейін де бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді. Ер адам тергеу кезінде алкогольдік ішімдік ішкенін мойындады.

А. Лесбек