Русский Сайттың толық нұсқасы

«Astana Marathon 2021» халықаралық марафоны өтті

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2021
  • 1329

"Астана марафоны" қола мәртебесін алды. Бұл- халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы берген баға.  Мұндай құрметке Елорда -ТМД аумағында    алғашқы боп ие болған жалғыз қала. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта марафонның ауқымы әлде де кеңейетінін айтады.  Күміс мәртебесін алу жоспарда бар.    

Эпидахуалға байланысты марафоншылар саны қатаң шектелді. Жылда 10 мыңға жуық адам жүгірсе, биыл   3 мың адам ғана қатысты.  Оған   18 жастан асқан  екпе алғандар мен  ПТР-анықтамасын ұсынған 16-дан  жоғары жастағылар мүмкіндік алды. Astana Marathon-2021 аясында екі қашықтық көзделген: екпе алған азаматтар үшін 42 км, ал 16 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 10 км қашықтық бекітілген.  Қатысушылардың бірі Алматыдан арнайы келген.  Ол бұл жарысқа 2 ай үздіксіз дайындалған. Соның нәтижесінде  бірінші орынды иемденді.

Рахымжан КЕЛМАНОВ,  БІРІНШІ ОРЫН ИЕГЕРІ:

Осы айдағы осы менің 3-ші жарысым. До этого Алматы қаласында өткен жарыста 3-ші орын алған болатынмын. Ол жақтағы уақыт 30 мин 40 сек. Және де осы айдағы 3-ші жарысым Астанадағы "бронзовый" статусы бар Астанинский марафон. Осында мен 10 шақырымды бағындырдым. 31 минут 12 секундта.


Astana Marathon әртүрлі деңгейдегі қатысушыларға  жаңа мүмкіндіктер ұсынды. Әуесқойларға   — Бостон марафонына, ал, кәсіби спортшыларға  -Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия берілмек.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Бұл біздің бұқаралық спортты дамытуға және спортқа қатысам деген азаматтарға жаңа мүмкіндік ашады. Себебі биыл Астана марафон өзінің жаңа статусына ие болып отыр. "Қола" статус. Ол біздің қатысушыларға халықаралық марафонға қатысуға жол ашылады деген сөз.

Марафон әдеттегідей қайырымдылық шарасы болып саналады.  2009 жылдан бастап шараны ұйымдастырушылар қазақстандық қайырымдылық ұйымдарына 37 млн. теңгеден астам қаражат жинаған.

Гаухар БРАМЛЕЙ, ФЕНТОН «ASTANAMARATHON»  НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

 
Біз 9 жылдан бері "Аяла" қайырымдылық қорына қолдау білдіреміз. Қиын жағдайда қалған балалардың өмірін жақсарту үшін үлкен жобаларға ақша жинап, қаржылай көмек береміз.


Биыл марафон тәуелсіздіктің  30 жылдығына арналған.  Шараны ұйымдастырған қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандарының айтуынша, жұрттың белсенділігі ерекше.  Оған қатысу үшін өзге елдерден келгендер де бар.

Д. Жарқынбек