Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауынан мыңнан астам үйрек пен қаз қырылып қалды. Бұл жайында облыстық ветеринария басқармасының өкілдері хабарлады. Қауіпті індет Ресей шекарасынан 20 шақырым жерде орналасқан Лебяжье ауылында тараған. Құстың өлекселері 7 үйден табылды. Олардың дені -2-3 айлық балапандар. Эпизоотия басқа ауылдарға жайылмау үшін елді-мекенде карантин жарияланды. Сала мамандары үй құстарын жабайы қанаттылар жұқтыруы мүмкін деп болжап отыр. Жұқпалы дерт былтыр теріскейді түгел қамтып, 1 миллионнан астам үй құсы қырылған болатын. Ол жағдай қайталанбас үшін биыл құстарды вакцинациялау жұмысы қарқынды жүргізілген.
Қайырлы ҚАЗАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Құс тұмауының диагнозы расталды. Бүгінгі күнде Лебяжье ауылында 1584 бас құс вакцинацияланған болатын. Жылдың басынан бастап облысымызға республикадан 1,242 млн доза вакцина бөлінді.
А. Құрманкин